29.10.2016, 12:31
Оқылды: 33

Алтай Көлгінов: "Басты талап – сапа және орындалу мерзімінің сақталуы"

screenshot_2016-10-30-14-24-09-1БҚО әкімі Алтай Көлгінов Зашаған ауылы маңындағы бес қабатты көп пәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысымен танысты.


Аталмыш тұрғын үй кешенінің құрылысы облысымыздағы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасының аясында былтыр қазан айында басталған. Салынып жатқан бес үйдің әрқайсында 100 пәтер бар. Бүгінгі таңда бұл үйлердің барлығы жылу жүйесіне қосылған. Тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқтала келген. Қазіргі уақытта ішкі сантехникалық жұмыстар жүргізілуде. Мұндағы құрылыс жұмыстары, құжат бойынша, осы жылдың қараша айының басында аяқталуы тиіс болатын. Алайда құрылыс учаскесінің бастығы Бауыржан Жұмағалиев жұмысты толық аяқтау үшін әлі де жиырма күндей уақыт қажет екенін айтты. Облыс әкімі құрылысқа қойылатын басты талап – сапа және орындалу мерзімінің сақталуы екеніне тоқталып, бас мердігер «Марасант» ЖШС-ның басшылығына қатаң ескерту жасады. Кешенді абаттандырумен «Балтемен» ЖШС айналысуда. «Балтемен» ЖШС-ның директоры Артур Қабдығалиевтің айтуынша, абаттандыру жұмыстары қараша айының соңына дейін өз мерзімінде бітеді.
- Биыл өңірімізде мемлекеттік бюджет, яғни Ұлттық қордан бөлінген қаражат есебінен 1500 пәтерді құрайтын 14 көп қабатты үй тұрғындардың игілігіне берілмек. Оған 17 миллиард теңге қаржы қарастырылды. Оның 5 миллиарды инженерлік-коммуникациялық және абаттандыру жұмыстарына жұмсалуда. Біз қазір барлығы 500 пәтерлік бес үйдің аяқтала келген құрылысына куә болып тұрмыз. Пәтерлердің көпшілігі кезекте тұрған азаматтарға беріледі. Осы құрылыс аясында 1500-ге жуық жұмыс орындары ашылды. Құрылыс сапасы қадағалауымызда болады. Осы жылдың ішінде олардың бірқатары пайдалануға берілді. Қалған сегіз үй желтоқсан айында табысталады. Осылайша мемлекеттік бағдарламалар аясында өңірімізде жаңадан 1500 пәтер пайдалануға берілсе, оны 25 жылдық тәуелсіздігіміздің тартуы деп білеміз, - деді облыс әкімі Алтай Көлгінов.

Нұртас Сафуллин

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале