9.08.2016, 15:54
Оқылды: 64

«Алтын ине» көрмесі өтті

Бір қолымен бесікті, екіншісімен әлемді тербеткен әйел бойындағы өнер ерекше.


Талабы таудай ісмер, бес саусағынан бал тамған нәзік жанды қыз-келіншектер арамызда жетерлік. Қолынан келген істі дамытып, көпшілікке паш етіп, айналасын гүлдендіріп жіберетін шебер жандар жуырда аудандық Мәдениет үйінде бас қосты.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен ауданымыздағы мемлекеттік емес ұйымдар мен жастар бірлестіктері және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың ұйымдастыруымен өткен басқосу көпшілікке керемет әсер сыйлады.инекөрме

Шебердің қолынан шыққанның бәрі әдемі. «Алтын ине» деп аталған іскер тұлғалардың көрмесі тың дүниелерге толы болды.

Әсемдікке, әдемілікке, жақсылыққа жаны құмар нәзік  жандылардың өнеріне жиналған жұрт риза болды. Бірі моншақтан жасалған тамаша дүниелерін көпшілік назарына ұсынса, енді бір қазақтың ою-өрнектерімен әспеттелген ұлттық киім үлгілерін көрсетті.

Қарапайым қағаз сүлгісінен жасалған әшекей-бұйымға да көрермен таңдай қағып, алғашқысынан кейінгісі керемет той гүлдерінің әдемілігіне сүйсінді. Аталмыш көрмеде әр ісмер көрерменге шеберлік класс өткізіп, әр бұйымның жасалу жолын түсіндірді.

Айым Нұрғалиева

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале