22.09.2016, 17:19
Оқылды: 80

"Мемлекеттік тілді құрметтеу жағынан біз өзге ұлтқа үлгі болуымыз тиіс"

akim  Бүгін облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен "Тіл - тұтастық туы" атты жалпыхалықтық тіл фестивалі өтті.

  Шара "Тіл жəне Тəуелсіздік" атты деректі фильмнен басталды. Кейін ел тарихымен сабақтастырылып, ана тілінің ұлттық рухтың өзегі екенін танытқан шағын қойылым ұсынылды. - Біздің Тəуелсіздігімізге - 25 жыл. Барлық ұлт тату-тəтті өмір сүруде. Елбасымыз "Əрбір елдің өзегі - тіл" деп айтты. Тіл - елді біріктіретін фактор. Біз тəуелсіздікке қол жеткізген соң ашық қоғам құрдық. Абай айтқандай, басқа тілдерді де үйренуіміз қажет. Əр азамат талмай еңбек етсе, Мəңгілік ел болатынымыз анық. Жас ұрпақтың білім алуына толық жағдай жасалған. Жаңа оқу орындары ашылуда. Ертең Тəуелсіздік эстафетасын жас толқынға аманаттаймыз. Соны ойлайық. Бір болайық. Елбасы құрған Қазақстан халқы Ассамблеясы - біздің байлығымыз. Бəрі өзімізге байланысты. Мемлекеттік тілді құрметтеу жағынан біз өзге ұлтқа үлгі болуымыз тиіс. Мереке құтты болсын! - деді облыс əкімі Алтай Көлгінов.

Ел Тəуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қазақстан халқы тілдерінің ХVІІІ фестивалі аясында мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға ерекше үлес қосқаны үшін тіл жанашыры Өтепқали Қуатов, ҚР Журналистер одағының мүшесі Базарғали Қуатов, жерлес ақындар Дариға Мұштанова, Бақтығали Тілегенұлы, облыстық тілдерді дамыту басқармасының маманы Гүжайна Бисенғалиева ҚР Мəдениет жəне спорт министрлігінің Құрмет Грамотасымен марапатталды. Мемлекеттік тіл мəселесін көтеріп жүрген БАҚ өкілдері тіл мерекесіне орай облыс əкімінің алғыс хатына ие болды. Олардың қатарында біздің əріптестеріміз - "Приуралье" газеті редакторының орынбасары Жаннат Тоқтарова, "Приуралье" газетінің тілшісі Галина Самойлова, "Орал өңірі" газетінің тілшісі Нұртай Текебаев, ақпарат орталығының басшысы Нұрлыбек Рахмановтар бар. Əріптестерімізді марапаттарымен құттықтап,  зор шығармашылық табыс тілейміз.

Фестиваль мерекелік концертпен жалғасты.


Нұртай Текебаев
www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале