5.08.2016, 16:08
Оқылды: 74

Бөрлі ауданындағы кәсіпкерлікті қолдау

IMG_9044Бөрлі ауданы әкімдігінде аудан әкімінің орынбасары Қайрат Утегеновтің жүргізуімен «Ауыл кәсіпкерлігін дамыту» атты семинар-отырысы өтті. Бұл басқосу аудандағы кәсіпкерліктің даму мәселелерін талқылау, шағын және орта бизнеске мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау құралдарымен танысу, сондай-ақ түйінді мәселелерді түбегейлі қарастырып, шешу жолдарын табу мақсатында өткен еді. IMG_9052Алдымен сөз алған облыстық кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының сауда және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Б. Ибраимов кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған бағдарламалар жөнінде ақпарат берді. Аудандағы шағын және орта кәсіпкерліктің даму қарқыны жөнінде аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы С. Егінбаев баяндады. Семинарға қатысқан Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Каиршин, сондай-ақ «Орал» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ, «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ мен «ҚазАгроҚаржы» АҚ облыстық филиалдарының өкілдері кәсіпкерлікті қолдау мен дамытуға бағытталған бағдарламалар жөнінде ақпарат берді.

Ясипа Рабаева

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале