5.07.2016, 19:17
Оқылды: 59

Ақсай қаласында уақытша ұстау изоляторынан құлыпты бұзып екі қылмыскер қамаудан қашып шыққан

Ақсай    2016 жылғы 5 шілдеде таңғы уақытта Ақсай қаласында орналасқан Бөрлі АІІб уақытша ұстау изоляторынан құлыпты бұзу арқылы екі қылмыскер қамаудан қашып шыққан.

   Сол күні жедел іздестіру жұмыстары барысында қабылданған шаралар арқылы аталған қылмыскерлер ұсталды.


    Қамаудан қашу фактісі Қазақстан Республикасы ҚК 426-бабы 2-бөлімі бойынша Бөрлі АІІб-де сотқа дейінгі тергеп-тексерудің біріңғай тізіліміне тіркелді.

    Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізілуде.

   Ақсай қаласында сонымен қатар, қылмыскерлердің қамаудан қашып кетуіне жол берген Бөрлі АІІб қызметкерлеріне қатысты қызметтік тергеу жүргізілуде.

www.zhaikpress.kz

БҚО ІІД баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале