Аққозылық кәсіпкерлер «Мектепке жол» акциясы аясында аз қамтылған отбасылардың балаларына қол ұшын созды.
Аққозы жалпы орта білім беретін мектеп-балақшасының тәлімгері Гүлсезім Рамазанованың айтуынша, «Досжан» шаруа қожалығының жетекшісі Құсайын Мұқанов аз қамтылған отбасының балаларына 50 000 мың тенге көлемінде киім-кешек және оқу құралдарын алып беруге көмектескен.
Мектепте өткен «Балаларға бірге көмек берейік!», «Балаға мейірім сыйла!» атты қайырымдылық кешінде жеке кооператив жетекшісі Серікқали Нұрәділов аз қамтылған отбасының 10 баласына 100 000 теңгеге қажетті оқу-құралдары мен киім-кешектерін алып беріп, өз көмегін тигізген.
Мектеп мұғалімдері де акция аясында өз үлестерін қосыпты.
Райымбек Абаев
Қаратөбе ауданы