2016 жылдың 5-7 қазан күндері аралығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған спорттық бағдарлауды насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу, жастардың туристік-спорттық дайындығын дамыту және тәрбиелеу, облыстық құрамаға үздік спортшыларды анықтау мақсатында облыстық IX «Батыс Азимут» спорттық бағдарлау жарысы өткізілді.
Жарысқа арнаулы оқу орындары мен жоғары оқу орындарының және туризм орталықтарының командалары қатысты. Жас ерекшеліктері ұл мен қыздар арасында 14, 16, 18 жас және ересек ер-әйелдер арасында 20, 21 жас санаты бойынша қатысушылар 3 қашықтықта жарысқа түсіп, әр түрлі қашықтықта картамен бағдарлау бойынша жұмыстанды. Жарыс бағдарламаларын орындауда тұсбағдар, планшет, арнайы киімдер қолданылды.
Шыңғырлау ауданының команда құрамында Л.Қылышев атындағы Шилі орта жалпы білім беретін мектебінің оқушылары Шыңғырлау колледжінің студенттері Туризм және экология орталығының қызметкерлері қатысты.
Жарыс қорытындысында «Спринт» қашықтығынан М12 тобы ұлдар арасында Қайырбеков Дильдар ІІ орынға ие болды және осы қашықтық бойынша W18 тобы қыздар арасында Сұлтамұратова Нұржүз ІІ орынға ие болды. «Орта» қашықтықта ұлдар арасында Сапарғалиев Бекзат ІІ орынға ие болды және Утенова Гүлназ екі қашықтықта қыздар арасындағы «Спорттық лабиринт»-те ІІІ орынға және «Ұзақ» бөлімінде ІІІ орынға ие болды. Қызметкерлер арасында 18-ден жоғары топтар арасында Испусинова Құттықыз ІІІ орынға ие болды.
Осындай бірқатар жеңісті орындардан көрінген шыңғырлаулық команда жарыстан көтеріңкі көңіл-күймен оралды.
С.Х.Сулейманова,
аудандық туризм және экология
орталығының бөлім меңгерушісі