Барша уақытта ұстаз мамандығына сыйластықпен қараған. «Ұстаздар» күні кәсіби мереке қарсаңында Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері ағартушылық және білім беру борышын атқарып жүрген ұстаздарды құттықтады.
Ұстаздар күні – ең жанға жылы және көңіл жібітетін мерекелердің бірі. Қоғамда биік шыңдардан көрініп, өз ұстаздарына алғыс айтпайтын бірде-бір адам жоқ.
Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының Өртті мемлекеттік бақылау бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры Амангелді Ешмұханов ұстаздарды мерекемен құттықтап, оларды қиын да ұлағатты еңбектеріне алғысын білдірді.
Сонымен қатар Азаматтық қорғаныс басқармасының, Бөрлі, Қаратөбе, Теректі, Жаңақала аудандарының төтенше жағдайлар бөлімдерінің қызметкерлері ұстаздарды құттықтауда өз үлестерін қосып, ұстаздарға бақыт, саулық, үздіксіз кәсіби өсуді тіледі.