Сүйінші, ағайын! Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы мен Астана күніне арналған "Мыңжылдықтар тоғысындағы Астана" көшпенділер өркениеті фестивалі аясында ұйымдастырылған "Жүйелі сөз" атты ақындар айтысында сырымдық тастүлек Бауыржан Ширмединұлы бас жүлдені жеңіп алып, 1 миллион теңгенің сертификатына ие болды.
Айтыстың бірінші күні Бауыржан ақтөбелік Марат Ахметовпен айтысты. Финалда астаналық Аяулым Жұмабекқызымен сөз сайыстырып, басым түсті.
Жүрсін Ерман бастаған қазылар алқасы тағы бір айналым жасап, ақтөбелік Ершат Қайболдинмен айтыстырды. Біздің Бауыржан үш айналымда да қазылардың ең жоғары ұпайын алды.
Қазылар алқасы аламан бәйгеде дес бермеген айтыстың тұлпары Бауыржанның сөздік қорының байлығына разы болып, жоғары бағалады.
Бауыржан Ширмединұлы талай айтыста шашасына шаң жұқтырмаған дүлдүл ақын Бауыржан Халиолланы өзіне ұстаз тұтады.
www.zhaikpress.kz
Шынар Молданиязова