6.09.2016, 13:16
Оқылды: 39

«Болашақ»: толықтырулар мен өзгерістер

Nigmetov1993 жылдан бері 12 мыңнан астам қазақстандық ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипедиясының иегері атанса, соның 9 мыңға жуығы елге оралып, түрлі салада қызметке орналасқан. Олардың басым бөлігі мемлекеттік және жекеменшік секторларда, халықаралық ұйымдарда еңбек етуде. Бұл жайында «Қазақстан-Орал» телеарнасында өткен брифингте ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Ғани Нығметов мәлімдеді.  


Бірқатарын тарқатып айтсақ, шетелден оралған жас мамандардың 500-ден астамы мемлекеттік қызметке, тағы 500-ден астамы денсаулық сақтау, 2 мыңға жуығы білім беру саласына орналасқан.

Биыл «Болашақ» бағдарламасына 700 мемлекеттік грант бөлінген. Бүгінге дейін 313 үміткер конкурстан өткен. Стипендия иегерлерін қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттен 20 млрд. теңге бөлінген екен.

Батыс Қазақстан облысына «Болашақ» бағдарламасы аясында жолдама алған 135 маман жұмысқа орналасса, оның 39 пайызы – мемлекеттік мекемелерге барған. Қазіргі уақытта шетелде білім алып жатырғандардың қатарында 45 батысқазақстандық бар. Оның 36-сы магистратура бағдарламасы бойынша оқыса, 8-і тағылымдамадан өтуде, 1-уі ғылым докторы атанбақ. 25 «болашақтық» Ұлыбританияда, 8-і  АҚШ-та, 6-уы Оңтүстік Кореяда, қалғандары Италия, Австралия, Ресей Федерациясы мен Чехияда білім алуда.

Сондай-ақ 8 стипендия иегері мен 4 магистр шетелдегі оқуын тәмамдаған. Олар қазіргі кезде есеп беру құжатын дайындауда.

Нұрбек Текебаев

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале