18.11.2016, 15:23
Оқылды: 57

Бюджет нақтыланды

%d0%b1%d1%8e%d0%b4%d0%b6%d0%b5%d1%82-%d0%bd%d0%b0%d2%9b%d1%82%d1%8b%d0%bb%d0%b0%d0%bd%d0%b4%d1%8b  Облыстық мәслихаттың кезектен тыс 7-ші сессиясы өтті. Оның жұмысына облыс әкімі Алтай Көлгінов қатысты.

  Сессияда облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 14 желтоқсанындағы №29-2 «2016 -2018 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу, соның ішінде 2016 жылға арналған облыстық бюджеттің нақтылануы жайындағы мәселе қаралып, депуттармен мақұлданды.


    Бұл мәселе бойынша баяндама жасаған облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қайсар Маңқараевтың айтуынша, облыстық бюджеттің 3,2 млрд. теңгеге нақтылануы республикалық бюджет пен Ұлттық қордан қосымша бөлінетін 1698,9 млн. теңге шамасындағы нысаналы трансферттерге, облыстық бюджеттің кіріс болжамының 677,6 млн. теңгеге түзетілуімен және бюджеттік бағдарламалар әкімшілері арасында 877,2 млн. теңге шамасындағы босатылатын қаражаттың қайта бөлінуімен  байланысты болды.  Соның ішінде жоғарыдағы бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер «2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы шеңберінде өңірдегі агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға – 1028,8 млн. теңге, газ тасымалдау жүйесін дамытуға - 700 млн. теңге, орта білім беретін нысандарды салуға және реконструкциялауға  293,2 млн. теңге көлемінде бағытталады. Бұған қоса «Өңірлерде жеке кәсіпкерлікті қолдау» бағдарламасы бойынша трансферттер - 681 млн. теңгеге кемітілді. Соныман қатар облыстық бюджеттен бөлінетін қаржы денсаулық сақтау саласына -11,9 млн. теңге, ауыл шаруашылығы саласына - 20,3 млн. теңге, мәдениет және спорт салсына -99,5 млн. теңге, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласына 475,5 млн. теңге бағытталды. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде  6 нысанды күрделі жөндеуден өткізуге 236,8 млн. теңге қаржыландыру қарастырылды. Бұл нысандарға келсек, білім беру, денсаулық сақтау салаларынан бір-бір нысаннан, Зеленов, Қазталов, Теректі аудандарындағы жолды күрделі жөндеу бойынша төрт нысан қаржыландырылды. Бұған қоса құрылысы басталған жұмыстарды жалғастыруға 204 млн. теңге қарастырылып отыр.  Осындай өзгерістердің нәтижесінде облыстық бюджет кірістері мен шығыстары 134,7 млрд. теңгені құрайды.

  Елбасының Жарлығына сәйкес облыс әкімі Алтай Көлгінов облыстық мәслихаттың депутатары алдында өзіне жүктелген  функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есеп берді.

  Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына түрлі салада үлес қосып жүрген бір топ азаматты БҚО-ның Құрмет грамотасымен марапттау туралы мәселе қаралып, халық қалаулылары тарапынан қолдау тапты.

  Сессия қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылдады.

Гүлбаршын ДЫБЫСҚАЛИҚЫЗЫ

«Орал өңірі»

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале