14.10.2016, 18:11
Оқылды: 90

БҚО жастар саясаты мәселелері басқарма басшысы тағайындалды

%d1%81%d0%b0%d0%ba%d0%be%d1%88%d0%b5%d0%b2Конкурстық негізде Батыс Қазақстан облысының Жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысы болып Сакошев Аян Қажимерұлы тағайындалды. 

Жаңа басшыны ұжымға облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжанов таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі. 


Сакошев Аян Қажимерұлы 1987 жылы туған, білімі жоғары,  Л. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетін экономика мамандығы бойынша үздік бітірген. Қазақ гуминатарлық заң университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген. Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің Менеджмент мамандығы бойынша магистрі.

%d1%81%d0%b0%d0%ba%d0%be%d1%88%d0%b5%d0%b2-%d0%b0-%d0%ba-11111ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясында,  «Нұр Отан» партиясының саяси менеджмент мектебінде оқығаны туралы сертификаттары бар.

А.Қ.Сакошев 2006-2010 жылдары «Қазақстан жастарының Конгрессі» заңды тұлғалар бірлестігінде бас сарапшы, сараптама және жобалар бөлімінің басшысы болып істеді.

2010-2013 жылдар аралығында «Нұр Отан» партиясының орталық аппараты «Жас Отан» Жастар қанаты Атқарушы хатшылығының жастар жобалары бөлімінің сарапшысы, кеңесшісі, меңгерушісі қызметін атқарған.

2013 жылдың ақпанынан бастап «Нұр Отан» партиясының орталық аппараты «Жас Отан» Жастар қанаты Хатшылығының басшысы.

Сакошев Аян Қажимерұлы жастар саясатын дамыту мәселелерімен, жастарға арналған жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асырумен айналысқан, басқарушылық жұмыста іс-тәжірибесі бар.

Саламат Ералин

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале