Батыс Қазақстан облысына сапары кезінде ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Викторович Ильин гарнизонның жеке құрамына ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының лауазымында болып, ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен тағайындалған Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығын, генерал-майор Жұмашев Жасұлан Қыдырқожаұлын таныстырды.
Сонымен қатар шараға ҚР Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Беккер Владимир Робертович те қатысты.
Ю.В. Ильин екі жылға жуық Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментін басқарған М.Кульдиковке табысты еңбегі үшін алғыс білдіріп, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.
Генерал-майор Жұмашев Жасұлан Қыдырқожаұлы1968 жылы 22 қаңтарда Орал облысы, Тайпақ ауданы, Калмыков кентінде туған.
Білімі жоғары әскери, 1990 жылы Кеңес Одағының Маршалы В.Д. Соколовский атындағы Новочеркасск жоғары әскери командалық Қызыл Тулы байланыс училищесін аяқтады, білімі бойынша мамандығы «Командалық-тактикалық байланыс әскерлері». 2003 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери академиясын үздік бітірді, білімі бойынша мамандығы «Командалық-штабтық жедел тактикалық».
1986 жылғы тамыздан бастап әскери қызметте.
1990 жылдан бастап әртүрлі әскери лауазымдарда қызмет өткерді.
2004 жылдан бастап - Қазақстан Республикасы Республикалық ұлан қолбасшысының аппарат басшысы.
2005 жылғы наурыздан бастап – БҚО ТЖД бастығы.
2008 жылғы наурыздан бастап - Атырау облысы ТЖД бастығы.
2011 жылғы наурыздан бастап - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Ақпараттандыру және байланыс департаментінің директоры.
2012 жылғы қыркүйектен бастап - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс департаментінің директоры.
2014 жылғы қазаннан бастап - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары.
ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 20 жыл», «Астананың 10 жылдығы» мерейтойлық медальдарымен, «Астана», І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін», «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медальдарымен, «Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін», «За отличие в службе» және І және ІІ дәрежелі «Қайсар» төс белгілермен, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар және Ішкі істер министрлерінің алғыс хаттарымен марапатталды.
2016 жылғы қыркүйек айынан бастап Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы.
Отбасы жағдайы: үйленген, екі бала тәрбиелеп отыр.
БҚО ТЖД мемлекеттік
тіл және ақпарат тобы