30.08.2016, 17:36
Оқылды: 36

БҚО: Қазталов ауданынан екі ғасырға жуық тарихы бар қазан табылды

Screenshot_2016-08-30-17-16-44-1Болашақ ауылдық округіне іссапарымыз барысында құнды тарихи жәдігерді көзіміз шалды. Ол - осы округке қарасты Жаңатаң ауылының тұрғыны Нұрлыбек Отаров пен Ақмарал Омарованың үйінде сақтаулы тұрған екі ғасырға жуық тарихы бар шойын қазан.


 

Screenshot_2016-08-30-17-15-16-1Қазанның иесі Ақмаралдың айтуы бойынша, атасы Ізмұраттың ағасы Өтемұрат Омаров 1940 жылдары істі болып, жазасын өтеген Томск қаласынан елге алып келген. Сол кезден бері атадан балаға мұра болып келе жатырған қазанның жанында 1831 және ПЗМЗ деген жазуы бар.
Ғаламтор арқылы іздестіргенімізде, "ПЗМЗ" жазуы байырғы тарихы бар Петровск-Забайкал металлургия зауытында жасалғанын, ал "1831" деген жазу қазанның құйылған жылын білдіреді.

Сол кезеңде бұл зауытта Ресей тарихында өзіндік із қалдырған "желтоқсаншылар" (декабристер) жұмыс жасаған екен.
Бұл құнды жәдігер аудан тарихынан сыр шертетін өлкетану мұражайына тапсырылса, кейінгі жас ұрпаққа мұра болып қалары сөзсіз.

Қайрат ЖАҚЫП

Қазталов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале