1.09.2016, 10:49
Оқылды: 102

БҚО әкімі - Назарбаев Зияткерлік мектебінде

 Akim Nazarbaevski shkolОрал қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткен Білім күні мерекесіне және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  25 жылдығы және ҚР Конституциясы күніне арналған салтанатты жиынға Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов қатысып, жас зияткерлерді, олардың ұстаздары мен ата-аналарын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.


 

аким НИШСондай-ақ балғын шәкірттерге мектеп директоры Шолпан Қадырова, пән мұғалімдері де жүрекжарды құттықтауларын арнаса, «Ғажайып» ансамблінің жас өнерпаздары биден шашу шашты.

Талантты оқушылардың қатысуымен дайындалған «Тәуелсіздік торабында...» атты театрландырылған көрінісінде балалар жиналғандар назарына еліміздегі ширек ғасыр ішінде өткен маңызды оқиғаларды бейнелеп шықты.

Алтай Көлгінов сонымен қатар мектепке биыл қадам басқан 7 сынып бүлдіршіндерімен бірге алғашқы қоңырауды соғып, жаңа оқу жылының басталғанын әйгіледі.

аким НИШ (1)Салтанатты жиын аяқталған соң, қалыптасқан дәстүрге сай,  облыс әкімінің, құрметті қонақтар мен 7-сынып оқушыларының қатысуымен мектеп ауласына алма ағашын отырғызды.

Еске сала кетейік, Орал қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2012 жылдың 1 қазанында ашылды. Қазіргі таңда 7-11-сынып аралығындағы 25 сынып-жиынтығында 510 бала білім алады. Оның 100-і 7-сыныпқа жаңадан қабылданды. Мектепте 107 жергілікті және 9 шетелдік педагог қызмет етеді (оның ішінде мұғалім-сарапшылар, модераторлар, сертификатталған тренерлер, оқулық авторлары, бағдарлама құрастырушылары және ғалымдар бар).

аким НИШ (2)2016 жылы мектепті 170 оқушы бітірді. Оның 4-уі «Алтын белгі» иегері атанса, 16-сы «Ерекше аттестатқа» ие болды, 7-еуі шетелдік оқу орындарының гранттарын иеленді (Гонконг Политехникалық Университеті, Szent Istvan Университеті (Венгрия), ММҚХИ (Ресей) және т.б.).

2016 жылдың мамыр айында CIS (Council of International Schools) халықаралық ұйымы сарапшыларының алдын ала сапарының қорытындысы бойынша, мектепті Халықаралық аккредитациядан өткізу туралы шешім қабылданды.

Сыртқы жиынтық бағалауды (мектеп бітірушілерінің халықаралық емтихандары) жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Кембридж Университетінің Халықаралық Емтихан Кеңесі мектепке жоғары деңгейдегі халықаралық стандарттарды сақтағанын куәландыратын сертификат табыстады.

Мектептің 13 педагогы - жаңартылған білім беру бағдарламасы оқулықтарының авторы және құрастырушылары.

Айгүл Ахметова

Суреттерді түсірген

Темірболат Тоқмамбетов

Ақмоншақ Жұмаева

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале