12.08.2016, 15:00
Оқылды: 63

Бөкей ордасында фракция отырысы өтті

Аудандық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясы фракциясының отырысында екі мәселе қаралды.х-2

Алдымен «Қазақстан Республикасының жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы заңының нормаларын түсіндіру хақында аудандық жер қатынастары бөлімі басшысы Р.Ғ. Кариннің хабарламасы тындалды. Жиында белсенділік танытқан сол жермен жұмыс істеп отырған шаруа қожалығы иелері, депутаттар Нағим Тәжімұратов пен Сағындық Сәрсеновтер сұраушыларға жер телімін бөлу, қазығын қағу сынды жұмыстарға ыждағаттылықпен қарау, берілген жерлердің мақсатты пайдалануын тексеру, қадағалау қажеттігін тілге тиек етті. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Т.К.Арыстанбеков жерге қатысты ауылдағы дау-дамайды реттеу, заңды насихаттап, тұрғындар пікірін жинақтау және оларды сұрыптап, жоғары жаққа ұсыну үшін комиссия құру жөнінде ой тастады.

Фракцияның отырысындағы екінші мәселе – Сайқын, Орда, Мұратсай ауылдық округтері әкімі лауазымына тіркелген үміткерлермен кездесу еді. Кездесуге олардың бәрі де сенімді өкілдерімен бірге келіп, сенімді өкілдері үміткердің өмірбаяны, қабілет-қарымы хақында сөз қозғаса, үміткерлер бағдарламаларымен таныстырды, сұрақтарға жауап берді.

           Фракция отырысын аудандық мәслихат хатшысы Е.Қ.Таңатов қорытындылады.

К.Ғайсин

Бөкей ордасы ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале