7.11.2016, 18:47
Оқылды: 69

Елбасының еңбегі ерен

4233ab35-99c8-4fbe-8cf0-cb68c68a2d0aБүгін  «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Серік Сүлеймен бастауыш партия ұйымдары төрағаларымен кездесті.

– Егемендіктің іргетасын берік қалаған Елбасымыздың еңбегі ерен екені баршаға мәлім. Ұлт Көшбасшысы мемлекеттің стратегиялық даму жолын көрегенділікпен көрсете білді. 1997 жылы Астананың Ақмола қаласына көшірілуі тарихымыздағы айтулы оқиғалардың бірі болды. Содан бері шаһардың инфрақұрылымы қарқынды дамып, сәулеті күннен-күнге көркейе түсуде. Елбасының бастамасы геосаяси тұрғыда орнықты шешім болғаны уақыт өте дәлелденіп, әу бастағы көптің көкейіндегі күмән сейілді. Міне, келер жылы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі сән-салтанатымен өтпек. Сәулетті ғимараттарға толы ғажайып шаһарға айналған Астанада жаңа құрылыстар үзіліссіз жүргізілуде. Елорда қалай еңсе тіктесе, Қазақстан халқы да егемендіктің елең-алаңындағы қиын кезеңде төзімділік танытып, бақуатты тұрмысқа қол жеткізді. Мемлекеттімізде тұрақтылық пен  татулықтың тұғыры бекем орныққан. Қазақстан халқы Ассамблеясы байтақ жерімізді мекендеген түрлі ұлт өкілдерін бір мақсатқа жұмылдырып, жарқын болашаққа бірге қимылдауына мұрындық болды. Ендігі уақытта «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыру жолында біртұтас ұмтылу, әлемді  шарпыған дағдарыс кезінде оңтайлы жол таба білу міндеті алда тұр, – деді Серік Кенжебекұлы.

Ол сындарлы кезеңде өңірдегі жол жөндеу, елді мекендерге ауыз су және көгілдір отын тарту, инфрақұрылымды дамыту мақсатында «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Ұлттық қордан жеткілікті қаражат бөлініп жатқанын баяндады. Мемлекет басшысының Қазақтсан Республикасының Тәуелсіздігін нығайту жолында қосқан айрықша үлесін әңгімеледі. Дөңгелек үстелде сөйлеген «Жас ұрпақ» жасөспірімдерді әлеуметтік дамыту орталығының директоры Светлана Әділова жастар тәрбиесін дамытуға баса назар аудару қажеттігін айтып, партиялық жобалардың сәтті жүзеге асып жатқанын атап өтті.

Нуртай Текебаев

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале