Бүгін Ақордада Елбасы БҚО әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты www.akorda.kz хабарлады.
Кездесуде өңдеу өнеркәсібінің, ауыл шаруашылығының, сондай-ақ өңір экономикасын әртараптандыруды әрі қарай дамыту бағыттары сөз болды.
Алтай Көлгінов Мемлекет басшысына өңірдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы, сонымен қатар алдағы уақытта жүзеге асырылар нақты міндеттер туралы әңгімеледі.
Қабылдау соңында Елбасы бірқатар нақты тапсырмалар берді.