14.01.2016, 9:18
Оқылды: 36

Жастарға жүктелер міндет көп

2016-01-14 12.54.17Қаратөбе ауданы әкімінің мәжіліс залында аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мамандарының өткен жылғы қорытынды есебі мен ағымдағы жылы атқарамақ жұмыстары пысықталды.


Аудан әкімінің орынбасары Сатқан Өмірзақовтың төрағалығымен өткен отырыста аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Мейрамгүл Кенжеғалиева, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Нұрбол Бозов, аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы Жанар Кенжеғалиева белгілі бір кәсіппен шұғылдануға ниетті жастарға арналған мемлекеттік бағдарлама турасында түсінік беріп, «Жастар практикасы» «Дипломмен - ауылға» , «Бизнестің жол картасы - 2020», «Жұмыспен қамту - 2020» бағдаламаларының басым бағыттарын түсіндіріп, бірлесе қызмет атқаруға шақырды.

Жиын барысында аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресустық орталығының басшысы Рақымжан Оразов сөз сөйлеп, ауылдық округ мамандарының өткізілген шаралар бір сарынды және мерекелік күндермен ұштастырып өткізумен шектелуде екенін айтты. Жастарға жаңа форматта, жаңаша бағыттарға өзгеруте тапсырмалар берілді. Жергілікті жердегі жастарды назардан тыс қалдырмау керектігін нақтылап жеткізді.

Отырыста аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресустық орталықтың ауылдық округтердегі мамандары ағымдағы жылы жастармен жүргізілген жұмыстарды баяндап, қойылған сауалдарға жауап қайтарды.
Аудан әкімінің орынбасары Сатқан Ержанұлы қыс мезгілінде студенттердің демалысқа ауылға келуіне байланысты шаңғы, коньки жарыстары сияқты спорттық жəне мәдени шараларды өткізу керектігін айтты.
Жиынды қорытындылап сөз сөйлеген аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Мербол Есендосов жастарды қолдау, ынталандыру бағытындағы мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігіне тоқталды.
Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының кеңесшілері психолог Гүлзира Сапарғалиқызы, теолог Әмірбек Жәнібеков, заңгер Сандуғаш Абайқызы алда атқарылатын жұмыстарды пысықтады.

 www.zhaikpress.kz

Тоты АСҚАРҚЫЗЫ
«Қаратөбе өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале