Ашылу салтанатына аудан әкімі Лавр Хайретдинов пен кәсіпкерлік саласының басшылары, ауыл тұрғындары қатысты. Аталған шағын кәсіпкерлік нысанның иесі Зульфия Карашева 3 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Салонда қызмет көрсетудің бағасы да ондай қымбат емес. Әрі табиғи емдік шаралар жүргізетін бұл нысан аудан тұрғындарының көңілінен шықты.
Нысанның ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Лавр Рашидұлы кәсіпкерді құттықтап, талабына табыс тілеп, тұсаукесер рәсімін жасады. Кәсіпкердің әжесі Злиха Ишанғалиева жүрекжарды лебізін жеткізіп, ақ батасын берді.
Келешекте бұл нысанның ішінен кәсіпкердің анасы, белгілі дәрігер Рәзия Төлегенқызы аудан тұрғындарына ақылы емдік-шараларды жүргізбекші. Бұнда ол «Tiens» компаниясының әйгілі аппараттары арқылы әуелі науқас адамның диогнозын қойып, сосын химиясыз, табиғи өсімдіктермен емдейтін болады.
Сондай-ақ «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша 3 млн. теңге несие алып кәсібін бастаған З.Карашева болашақта нысанның бір бөлігін дүкен етіп ашпақшы.
www.zhaikpress.kz
Алтынбек ЕРМЕКҚАЛИЕВ
Жаңақала ауданы