14.10.2015, 9:45
Оқылды: 75

Жеңіс Серікқалиев:  «Әр жастың арманына жетуге көмектесу, қолдау көрсету қажет»

 

жастар теректаТеректі ауданы әкімшілігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңес өз отырысын өткізді.

Аудан әкімі Жеңіс Серікқалиевтің төрағалығымен өткен жиынға кеңес мүшелері - аудан әкімінің орынбасары Алтай Тоқжанов,  мекеме-бөлім басшылары, «Нұр Отан» партиясының Теректі аудандық төрағасының І орынбасары Вячеслав Мұқашев қатысты.

Күн тәртібі бойынша «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы» басшысы Мерхат Ибраев, жергілікті «Іс үшін – За дело» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дулат Аққайыров өз қызмет-шараларынан есеп берді.

Баяндамадан соң кеңес мүшелері алдағы уақытта атқарылар шараларға бағыт берді. Аудан әкімі жиынды қорытындылай келе, жастармен жұмысты тек бұқаралық шаралар түрінде өткізе бермей, «нүктелік», яғни, әр адаммен жұмыс жасауға бейімдеу керек деді. 60 шақты теректілік жас бизнес курстарынан дәріс алыпты. Ал, соның ішінде өз ісін ашып, немесе талпынып, діттеген межесіне жете алмай жүргендері қаншама... Жастарды өз ісін ашуға бағыттау керек, және де осы істе қолдау керек. Бұл – бүгінгі күн талабы.

Сондай-ақ жастар арасында қоғамдық тәртіпке көңіл бөлу қажеттігін баса айтты. Түн тыныштығын бұзып, автоарғымағын арқыратып, зулайтындар, саябақ ішінде орындықтың арқасын ат қылып «мініп», жан-жағына қоқыс шашатындарға тежеу салу керек. Көшеде арақ-шарап ішіп сенделгендер де болады. Осы жерде «Түн ішінде олар спирттік ішімдіктерді қайдан алады?» деген сұрақ туындайды. Сондықтан, ішкі істер бөлімі, білім беру бөлімі қызметкерлерімен тізе қосып, ауыл-аумақққа шолу жасаған дұрыс. Аудан басшысының жастар жетекшілеріне, білім-тәрбие, қоғамдық тәртіп қызметкерлеріне айтқан тапсырмасы осы.

«Жастарға қамқорлық жасау» деген тек басынан сипап, көмек беру емес. Бұл – әр жастың алдына қойған жоспарына, арманына жетуге көмектесу, қолдау көрсетумен қатар, талап қою. Сонда ғана жастарымыз туған елінің нағыз азаматы, отбасының қамқоршысы болып қалыптасады.

www.zhaikpress.kz

Камелия ӨТЕУ

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале