Жəнібек ауданы орталығынан шығатын "Жəнібек-Қазталов" республикалық маңызы бар жолдың 20 шақырым бөлігіне 2014 жылдан бері күрделі жөндеу жүргізілуде. Облыс əкімі Алтай Көлгіновке "РСУ-1" ЖШС-ның техникалық директоры Ерұлан Жолдыбаев жұмыс барысын баяндады.
Биыл жолдың 11,5 шақырымына асфальт жамылғысы төселмек. Жалпы жол сапасын жақсартуға республикалық бюджеттен 2 млрд. 680 мың теңге қарастырылған. Биыл 799 миллион теңге жұмсалуда. Жол құрылысына 55 адам тартылған.
Ұзынкөл ауылы жанында шағын асфальт зауыты құрылыс материалын дайындайды екен. Бірақ Ресейден тартылған электр қуатының төмендеуіне байланысты өндіріс қарқыны баяулаған. Серіктестік бүгінге дейін 8 шақырым жол бетіне асфальт жабынының бір қабатын тартқан. Енді екінші қабаты тартылуда. Облыс əкімі Алтай Көлгінов жол сапасына мұқият болып, күзгі жауын-шашынға іліктірмей, белгіленген мерзімнен ерте аяқтауды тапсырды.