28.10.2016, 19:11
Оқылды: 37

Кодекстің артықшылықтары талқыланды

%d0%ba%d0%be%d0%b4%d0%b5%d0%ba%d1%81%d1%82%d1%96%d2%a3-%d0%b0%d1%80%d1%82%d1%8b%d2%9b%d1%88%d1%8b%d0%bb%d1%8b%d2%9b%d1%82%d0%b0%d1%80%d1%8b-%d1%82%d0%b0%d0%bb%d2%9b%d1%8b%d0%bb%d0%b0%d0%bd%d0%b4%d1%8bОрал қаласында №2 сот ғимараты залында жаңа азаматтық процестік кодексі және оның артықшылықтарын талқылаған дөңгелек үстел өтті.  Басқосуға облыс әкімінің орынбасары Игорь Стексов, ҚР Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Анатолий Смолин, облыстық соттың төрағасы Бек Әметов, облыс соттарының төрағалары мен судьялары, облыс прокуроры және өзгелері қатысты.

БҚО сотының төрағасы Бек Әметов шараны алғы сөзбен ашып, жиынның 2016 жылдың 1 қаңтарында күшіне енген ҚР жаңа азаматтық процестік кодексін, оның новеллаларын және сот ісін жүргізудің жаңа тәртібін талқылау мақсатында ұйымдастырылғанын атап өтті. Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Анатолий Смолин өз сөзінде жаңа кодексті жасақтаудың және қабылдаудың басты мақсаты, материалдық және моралдық шығындарды азайту арқылы азаматтық сот ісін жүргізуді жетілдіруге бағытталған, азаматтардың конситуциялық құқықтары мен бостандықтарын сотпен қорғаудың тиімділігін қамтамасыз ету екендігін баса көрсетті. Азаматтық сот ісін жүргізудің негізгі міндеттерінің бірі - татуластыру рәсімдерін және дауды шешудің баламалы түрлерін қолдану. Жаңа кодекспен бірге «сот медиациясы» және партисипативті рәсімдер сияқты тауластырудың жаңа түрлері қолданысқа енді. АПК-ның 54, 55- тарауларына кассациялық шағым беру және заңды күшіне енген сот актілеріне наразылық келтіру мәселелерін қарастыратын елеулі өзгерістер енгізіліп отыр.

Облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Бахытбек Бегалиев оңайлатылған сот ісін жүргізу институтын енгізудің негізгі ережелерін, сот бұйрықтарын шығару бойынша талаптардың кеңейтілгенін және азаматтық сот ісін жүргізуге прокурордың қатысуының қысқартылғанын жеан-жақты түсіндірді.

Кездесу барысында қатысушылар биылдан бастап қолданысқа енген жаңа кодекстің артықшылықтарына жоғары баға беріп, Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасын жетілдірудің кейбір мәселелерін қарап, талқылады.

Гүлбаршын Әжігереева

«Орал өңірі»

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале