13.10.2016, 16:34
Оқылды: 37

Коммисия отырысы өтті

%d0%bd%d1%83%d1%80-%d0%be%d1%82%d0%b0%d0%bdБатыс Қазақстан облысындағы «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында «Қазақстан-2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты 2016-2021 жылға арналған сайлауалды бағдарламасының «Индустриалды даму» бағыты бойынша партиялық комиссия отырысы өтті.


Комиссия отырысының күн тәртібінде ел экономикасының мұнай өнімдеріне деген ішкі сұранысының қамтылуы, мұнай-газ секторларының бәсекеге қабілеттілігін геологиялық барлау, мұнай мен мұнай өнімдері нарығын тұрақтандыру, тасымалдау бағыттарын әртараптандыру арқылы жетілдіру, Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған геологиялық барлау жұмыстары бағдарламасы аясындағы туындаған күрделі мәселелер сөз болды.

Жиында аталмыш комиссия төрағасының орынбасары, Орал қалалық мәслихатының депутаты Азамат Бисенов күн тәртібіндегі мәселеге байланысты баяндама жасады.

         -Қазақстан Республикасының даму стратегиясында өндірістің мұнай-газ саласына ерекше назар аударылған. Отын-энергетикалық ресурстардың потенциялын күшейте отырып, ұзақ мерзімдік басымдылықтар ретіндегі бағдарлама барлық мұнай-газ кешеніне қатысты маңызды мәселелерді шешуді көздейді. Ең алдымен басты міндет – әрекет етуші кен орындарын өңдеуді қарқындандыру және Каспий теңізінің қайрандық зонасы мен құрлықтағы перспективтік құрылымдарды іске қосу есебінен мұнайгаздық шикізатты өндіру көлемін арттыруға қол жеткізу керек. Мұнай компаниялары алдыңғы қатарлы технологияны, өндірісті прогрессивті ұйымдастыру, басқару, тәжірибелерін ендіру, шетелдік капиталды тарту, шетел несиелерін жеңілдікті шарттармен алу, ішкі нарықты толтыру, экспортты ұлғайту, импортты төмендету нәтижесінде валюта қорларының өсуін қамтамасыз етуге, мемлекеттік кәсіпорындардың монополиялық мүдделерін жоюда техникалық деңгейі және өнім сапасы бойынша күшті бәсекелес болуға, сыртқы нарыққа бәсекеге қабілетті өнімдермен шығуға мүмкіндік береді. Мұнайгаз саласы экономиканың басқа секторларымен тығыз байланысты. Өндіріс көлемі мен үлес салмағы жинақталған қор мен қызмет істейтін адамдардың саны және басқа да маңызды көрсеткіштер арқылы сипаттағанда, әлеуметтік-экономикалық жүйеде негізгі орынға ие болып, еліміздің сытқы экономикалық саясатын қалыптастыруда негізгі факторлардың біріне айналды. Сондықтан да өнеркәсіптің осы саласының дамуы мемлекеттік деңгейде қарастырылып, оны басқару, жоспарлау мен қаржыландыру мәселелерін шешу жекеменшіктік психологиядан бас тарту қағидасына негізделуі керек. Мұнайгаз саласының алдағы он жылға арналған болжамдық көрсеткіштерін талдау барысында, аталмыш саланың қарқындық және құрылымдық өзгерістерінің экспорттық бағытта дамып отырғандығына көз жеткізілді,-деді Азамат Бисенов.

                                                                                                Нұбек ОРАЗАЕВ

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале