Орал қалалық ІІБ Шаған полиция басқармасының қызметкерлері қарашаның 15 күні «Контрафакт» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында қаладағы Жәңгір хан көшесінің бойындағы дүкендердің бірінің қасында контрафакт белгілері бар дискілерін сатумен айналысқан 1993 жылы туылған азаматты жауапқа алды. Тексеру кезінде сөмкесінен он шақты дискі табылып, тәркіленді.
Осыған ұқсас жағдай, Абай полиция бөлімінің қызметкерлері аталған жедел-алдын алу іс-шарасы барысында тиісті құжаттары жоқ аудио өнімдерін сатумен айналысқан 1986 ж.т. «С» есімді азаматты анықтады. Анықтап, тексеру барысында полиция қызметкерлері «Samsung Gallaxy Tab-4» маркілі 1 планшет, қара түсті «USB» сымын, сондай-ақ, 1 флэш картасын тәркілеуге алды.
ҚР ҚК-нің 198-бабы 1-бөлімі (Авторлық және сабақтас құқықтарды бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғау мәселелері қарастырылуда.
www.zhaikpress.kz