Шыңғырлау ауданы орталығында қоғамдық орындарда шылым шегіп көзге түсетіндер енді некен-саяқ. Себебі, үстіміздегі алты айда бірнеше тұрғын және қонақтарға аудандық ішкі істер қызметкерлері тарапынан ескерту беріліп, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 441-бабы бойынша 51 адамға әкімшілік хаттама толтырылған.
Қоғамдық орындарда көк түтінді будақтататын адамдар санын азайту қажет-ақ. Заң талаптарына сай осындай тәртіп бұзғандарға ескерту берумен қатар айыппұл салу арқылы да шылым шегушілер санын азайту көзделуде.
Айсұлу АРЫСТАНОВА
Шыңғырлау ауданы