10.11.2016, 12:06
Оқылды: 114

Мал ұрлығына тосқауыл болуы тиіс

%d0%bc%d0%b0%d0%bb-%d2%b1%d1%80%d0%bb%d1%8b%d2%93%d1%8b%d0%bd%d0%b0-%d1%82%d0%be%d1%81%d2%9b%d0%b0%d1%83%d1%8b%d0%bb-%d0%b1%d0%be%d0%bb%d1%83%d1%8b-%d1%82%d0%b8%d1%96%d1%81   Қаратөбе ауданының прокуроры Ғалымбек Мұхитов, аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Сәбит Нұрмағанбетов, аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Кенжебек Аймашев бастаған топ Егіндікөл, Қоскөл ауылдарында болып, тұрғындармен кездесті.

      Кездесу барысында қазіргі кезде белең алып отырған мал ұрлығының алдын алу мәселесі талқыға салынды.


    Негізінен алғанда, ауылдағы халықтың күнкөріс көзі – төрт түлік мал екендігі даусыз. Онсыз бүгінгідей нарық заманында өмір сүру қиынға соғады. Шыны керек, кіріс көзі болып табылатын мал шаруашылығы саласында мал ұрлығымен күрес әлі күнге дейін өткір мәселе күйінде қалып отыр.

         Жиында алғаш боп сөз алған аудан прокуроры Ғалымбек Әлібекұлы құқық бұзушылық пен ұрлықтың алдын алу жөнінде баяндады.

Аудан прокуроры Ғ.Мұхитовтың айтуынша, 2016 жылы аудан бойынша ұрлық саны 2015 жылға қарағанда 20 пайызға көбейіп отыр. Оның басты себебі, жайылымдағы малдарға қажетті бақылаудың жоқтығы мен қараусыз қалдыру. Оның үстіне, қолды болған малдың көбісі бірдейленбеген, құжаты жоқ боп шығып жатады. Сол себепті, жоқ іздеу жұмыстары жүргізілмейді.

        Аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Сәбит Базарұлы болса, бүгінгі таңда мал бағылымының жоқтығын алға тартады.

  • Аудандық ішкі істер бөліміне көктем шыға жайылымға шыққан, одан соң 3-4 ай бағылмаған, содан барып жоғалған малды даулап келетін тұрғындар көптеп кездеседі.

Қазіргі таңда Егіндікөл ауылдық округі бойынша мал ұрлығы фактісі тіркелмеген. Айта кету керек, аудан бойынша мал ұрлығының 25-30 пайызы Қоскөл ауылдық округіне тиесілі. Бұл әрине, ойланарлық жайт.

         Сонымен қатар, кездесуде мал шаруашылығы жөнінде де бірқатар әңгімелер өрбіді.

Соның ішінде, аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Кенжебек Жолдығалиұлы тұрғындар арасында мал шаруашылығымен шұғылданушы шаруагерлер басын біріктіру және «ЭСПКА» кооперативін құру керектігін айтты.

  • Тұрғындар мал санағы кезінде меншігіндегі малды жасырмай, тіркетіп, мал құжатын уақытында алуы тиіс. Егер де бұл процесс жүзеге аспаған жағдайда есепке қойылмаған мал үшін айыппұл салынады, - дейді бөлім басшысы К.Аймашев.

Маралбек БОЛАТБЕКҰЛЫ

Егіндікөл-Қоскөл

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале