Шыңғырлау жерінде егінмен айналысатын шаруашылық субьектілері үшін биылғы жаңбырлы жаз мол өнім алуға қолайлы болып тұр. Нақтылап айтсақ, 286 гектар жерге қыша дәні себіліп, шаруашылықтар оны шашау шығармай жиып алды, ал 190 гектарға мақсары себіліп, одан 113 тонна өнім алынды. Сонымен қоса, биыл - 250 гектар жерге күнбағыс та себілген болатын. Енді дихандар күн суытпай тұрғанда оны да жиып алу қамын жасауда.
Айсұлу Арыстанова