3.11.2016, 18:11
Оқылды: 73

Мемлекеттік басқарудың тиімді тетіктері қалыптасуда

%d0%ba%d1%83%d0%b0%d0%bd%d1%8b%d1%88-%d1%81%d1%83%d0%bb%d1%82%d0%b0%d0%bd%d1%83%d0%bb%d1%8b-%d0%bc%d0%b0%d1%80%d0%b0%d1%82-%d1%82%d0%be%d0%b3%d0%b6%d0%b0%d0%bd%d0%be%d0%b2     Орал қалалық әкімдігінде «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқарудың тиімді тетіктері және есеп беру кепілдігі мен ашықтығы» тақырыбында екі күндік жиын басталды.

         ҚР Президенті жанындағы Модернизациялау бойынша ұлттық комиссия, ҚР Парламентінің Мәжілісі, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі, Дін істері және азаматтық қоғам, Ақпарат және коммуникациялар министрліктері, БҰҰ-ның Қазақстандағы даму бағдарламасы (ПРООН) мен ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар кеңсесі ұйымдастырған жиынға мемлекеттік құрылым, қоғамдық кеңес, ҮЕҰ, БАҚ өкілдері қатысуда.


         Жиынды ашқан облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжанов Елбасы республикамызда азаматтық қоғамның қалыпасуына жете мән беріп отырғанын атап өтті. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында да бұл мәселе барынша қамтылған. «Осыдан дәл бір жыл бұрын, яғни 2015 жылдың 2 қарашасында ҚР «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңы шыққан болатын,-деді Марат Лұқпанұлы.-Қазіргі таңда облысымыздың 12 ауданындағ, Орал қаласындағы және облыстық қоғамдық кеңестер жұмыс істеуде. Бұл қоғамдық кеңестер мүшелерінің көпшілігі азаматтық қоғамдық ұйымдардың өкілдері. Облыстық қоғамдық кеңесте 6 комиссия құрылып, өз жұмыстарын атқарып жатыр».

         Жиында сөз алған БҰҰ-ның Қазақстандағы даму бағдарламасының жобалар бойынша менеджері Гүлмира Төлесбаеваның айтуынша, олар Батыс Қазақстан облысымен тығыз байланыста жұмыс жасауда. Яғни азаматтық қоғамды дамыту, жасыл экономика технологияларын енгізу сынды жобалар бойынша біраз іс-шаралар атқарылды. Бұл байланыс алдағы уақытта да дами түстетініне сенім мол.

         -ҚР «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» және «Қоғамдық кеңестер туралы» заңдары Ұлт жоспарына сәйкес дайындалды. Еліміздің тәуелсіздік алғанына 25 жыл толы. Біз қазір егемендіктің жаңа сатысына қадам басудамыз. Алдағы мақсатымыз – әлемде барынша дамыған отыз елдің қатарына кіру. Бұл бағытта елімізде көптеген іс-шара қолға алынып жатыр. Жоғарыда айтып өткен қос заңның қабылдануы - сондай шараның бірі. Мен «Қоғамдық кеңестер туралы» заң жобасын дайындауға атсалыстым. Соған орай біз 29 рет жұмыс тобының жиынын ұйымдастырдық. Оған барлық қоғамдық ұйым өкілдері қатысты. БАҚ-та көптеген материал жарияладық. Заң жобасын дайындауда көпшіліктің пікірлері ескерілмей қалған жоқ. Содан болса керек, аталмыш қос заңымыз Еуропа елдерінде жоғары бағаланды. Мәселен, «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңын дайындағаны үшін ҚР Парламенті Мәжілісінің комитет төрағасы Мәулен Әшімбаевтың атына Женевадағы Электрондық ақпарат құралдары ұйымының бас хатшысынан Алыс хат келді. Жалпы алғанда, бұл заңдар мемлекетімізде азаматтық қоғамының дамуына тың серпін беретіні анық,-деді өз сөзінде ҚР Парламентінің Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов.

         Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысы, әдеп кеңесінің төрағасы Болат Исқақовтың сөзіне қарағанда, биыл мемлекеттік қызметті дамытудың жаңа кезеңі басталды. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытындағы іс-шаралар да жаңғыртылды.

         ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар кеңсесінің өкілі Мария Дубовицкая аталмыш ұйым өз серіктестерімен бірге Қазақстанды демократияландыру бағытында көптеген тренингтер өткізгендігін жеткізді. Сөйтіп олар да ҚР Үкіметі мен Парламенті «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» және «Қоғамдық кеңестер туралы» заңдардың қабылдануына өз үлестерін қосты. Бұл заңдар ашықтықты, есеп берушілікті, ақпарат алуға қол жетімділікті қамтамасыз ететіні, сыбайлас жемқорлықты болдырмауға септігін тигізері анық.

         Жиын барысында «Интерньюс-Қазақстан» ұйымының заңгері Ольга Диденко, БҰҰ-ның Қазақстандағы даму бағдарламасының өкілдері Әлия Құртайева, Нелли Төлегенова жоғарыда аталып өткен заңдардың мән-маңызы, олардың мемлекетке, қоғамға, адамдарға пайдасы туралы тренинг өткізді.

Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале