Бүгін облыс әкімдігінде Қаржы вице-министрi Руслан Бекетаевтың қатысуымен мемлекеттік сатып алуларға байланысты семинар-кеңес өтті.
Жиынды ашқан облыс әкімі Алтай Көлгінов мемлекеттік сатып алу саласында сауатты жұмыс жүргізу, заңды қатаң сақтау қажеттігін жеткізіп, аталған сала бойынша осындай кеңестердің маңыздылығына тоқталды.
Жиында Қаржы вице-министрі Руслан Бекетаев бастаған министрлік өкілдерінен осы саладағы жаңалықтар мен ақпараттарды облыс әкімі аппаратының қызметкерлері, қала әкімдігінің өкілдері, басқарма басшылары және бейне байланыс арқылы аудан әкімдері тыңдады.
Семинар кеңесте арнайы баяндама жасаған Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алу заңнамасы департаментінің директоры Сәбит Ахметов арнайы баяндама жасап, биыл енгізілген өзгерістер жайлы айтты.
Жиынға қатысушылар заңсыздықтықтардың алдын алу, құжаттамада қателіктер жібермеу үшін қолданылатын шаралар туралы сұрақтар қойып, сала мамандары тарапынан тыңғылықты жауаптар алды.