Жәнібек колледжінде «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасының негізгі ережелеріне арналған семинар өтіп, оған ауылдық округ әкімдері мен аудандық жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері қатысты.
Семинарда «Батыс Қазақстан ғылыми-зерттеу институты» мекемесінің директоры, ғылым кандидаты, доцент Үмбетқали Жанабеков жиналғандарға аталмыш бағдарламаның негізгі бағыттарын талдап айтса, осы мекеменің бас әдіскері Амангелді Әміров бағдарламаға Үкімет қаулысымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы баяндады. Ал «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ БҚО бойынша филиалының мониторинг және талдау бөлімінің бас маманы, магистр Дәурен Кемешев аталған бағдарламаның ауылдық округтерде жүзеге асырылуының тәжірибелік қырлары жайында тренинг өткізді.
Семинар барысында оған қатысушыларға әдістемелік құралдар таратылды. Сондай-ақ , ауылдық округ әкімдеріне бағдарламаның негізгі ережелері және оны жүзеге асыру тетіктері бойынша тестілеу жүргізілді.
Н.Жапақов