Облысымызда 2015 жылы адам саудасына қарсы іс-қимыл саласында БҚО ІІД-де төмендегідей қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың анықталып, ашылғанын хабарлайды.
Атап өтсек; заңсыз бас бостандығынан айырылған адамды қанау мақсатында жасалған 1 фактісі, кәмелетке толмаған жасөспірімді жезөкшелікпен айналысуға тартудың 2 фактісі, жезөкшелікпен айналысуға тартудың 1 фактісі, жеңгетайлықпен айналысудың 15 фактісі, жезөкшелікпен және жеңгетайлықпен айналысу үшін үй-жайлар ұсынудың 1 фактісі анықталған.
Ал, ағымдағы жылы БҚО ІІД мәліметінше, адам сатудың 1 фактісі, кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тартудың 2 фактісі, жеңгетайлықпен айналысудың 2 фактісі анықталып ашылған екен.
Аталған қылмыстар бойынша қазіргі уақытта алдын ала тергеу жұмыстары жүргізіліп жатырғандары да бар.
Әділғазы Кереев