Бөкей ордасы ауданының орталығы Сайқын ауылына ат басын тіреген облыс әкімі Алтай Көлгінов алдымен салынып жатқан құрылыс нысандарын аралап, олардың жай-жапсарымен жіті танысты.
Сонан соң орталық саябақтағы Күйшілер аллеясында ардагерлермен және бір топ жастармен кездесіп, сауалдарына жауап беріп, біраз әлеуметтік мәселелерді қозғады.
Одан кейін облыс басшысы ауыл шетіндегі жеке кәсіпкерлер Бибігүл Жұмағұлованың сүт және Қуаныш Шәріпқалиетің керамзитоблок цехтарын көріп, жұмыс барысын байқады. Әрі тілдесе келе, жиналған аудан кәсіпкерлерінің тыныс-тіршілігінен де хабардар болды.
Жолай Бөкей ордасы колледжі жатақханасы мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға арнап салынып жатқан баспаналарға да бас сұғып, бүгінгі күні бұларға өз тарапынан қандай көмек қажет екенін білуді де назардан тыс қалдырмады.
Бөкей Ордасы ауданы
www.zhaikpress.kz