10.08.2015, 19:32
Оқылды: 57

Спортпен жан сергітті

спорт жастар12 тамыз  - Халықаралық жастар күні және 16 тамыз - Халықаралық спорт күніне орай облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың қолдауымен «Ақжайық» футбол клубы стадионында «Ел ертеңі - салауатты ұрпақ» атты эстафеталық ойындар оздырылды.

Оған Орал қалалық аула клубтары мүшелерінен құралған он команда  қатысты. Негізгі мақсат  жасөспірімдерді спортпен жүйелі айналысуға шақыру, өскелең ұрпақтың денсаулығын нығайту, өзара достық қарым-қатынасты күшейту.

Жарыстың ашылу салтанатында «Батыс-Қамқор» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әділет Берікқалиев сөз сөйлеп, эстафетаның дене сергіту, ойын-сауық бағытында ұйымдастырылып отырғанын тілге тиек етті. Көңілді бимен басталған спорттық сайыста командалар бірнеше кезең бойынша сыннан өтті. Нәтижесінде  «Спартак» командасы (облыстық отбасы үлгідегі балалар ауылы) үздік шықты. Екінші орынды «Қыран», үшінші орынды «Гүлдәурен» аула клубтары  иемденді.

     www.zhaikpress.kz

Нұртай  ҒАППАР

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале