28.07.2016, 12:42
Оқылды: 52

Тарихи күнмен құттықтады

тарихи күнмен құттықтады2Бүгін облыстық қос басылым – «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінің ізашары, қайнар бастауы болған «Ұран» газетінің шыққанына 99 жыл толып отыр.

Дәл осы күннен бастап ғасырлық мерейлі жасына қадам басқан қос газеттің ұжымдарын «Жайық Пресс» ЖШС бас директоры Жантас Сафуллин осынау атаулы күнмен құттықтап, басылым тарихынан аз-кем сыр шертті.


 «Ұзақ жылдар бойы «Орал өңірі» мен «Приуралье» газеттері 1918 жылы 17 қарашада Ордада большевиктер шығарған «Хабар-Известия» газетінен бастау алды деп келдік. Алайда қос басылымның тарихы Кеңес үкіметінің құрылуынан кейін басталғанына іштей күмәнданатын едік.

Күнделікті газет шығарумен қатар төл басылымдарымыздың тарихын зерттеуді де қолға алдық. Сөйтіп, баспасөз тарихын зерттеу жұмыстарының нәтижесінде алғашқы нөмірге санап жүрген «Хабар-Известия» газетінің алдында «Ұран» газетінің болғандығын және оның алғашқы саны 1917 жылдың 28 шілде күні шыққандығын тарихи құжаттар арқылы дәлелдеп, күмәнімізді сейілтіп, ақиқатқа қол жеткіздік.

Қандай қилы заман болса да, бір ғасыр бойы өзінің басты міндеті – оқырманды жаңа ақпаратпен хабардар етіп отырудан жаңылмаған басылымда еңбек ету – біз үшін зор мақтаныш әрі үлкен жауапкершілік жүктейді.тарихи күнмен құттықтады

Газетіміздің туған күні құтты болсын, еңбектеріңізге табыс, шалқар шабыт тілеймін», - деді медиахолдинг басшысы өз құттықтауында.

Жантас Набиоллаұлы баспасөз тарихын зерттеуде талмай ізденіп, мұрағаттардан табылған газеттерді араб тілінен қазақ тіліне аударуда қажырлы еңбек еткені үшін Қазбек Құттымұратұлына алғыс хат табыстады.

Сонымен қатар облыстық «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінің бас редакторлары Бауыржан Ғұбайдуллин мен Роза Сыйқова, баспасөз тарихын зерттеу орталығының жетекшісі Қазбек Құттымұратұлы да әріптестерін тарихи күнмен құттықтап, жүрекжарды тілектерін білдірді.

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале