20.09.2016, 11:38
Оқылды: 50

Теректілік шаруалар гектарына 24,8 центнер күздік бидай жинады

 terekti-egis  Теректі ауданында егістік көлемі – 111,343 мың гектар. Өткен жылмен салыстырғанда, майлы дақылдар салынған алқап көлемі 57, мал азығына бөлінген жер алаңы 18,3 пайызға өсті. Биыл шаруалар орташа өнімділікпен гектарына 24,8 центнер күздік бидай, 10,9 центнер қара бидай, 11,9 центнер жаздық дақылдар жинап алды.


   Көкөніс шаруашылығын дамыту мақсатында 100 га астам жерге тамшылатып суару жүйесі енгізілді.
Барбастау ауылында «Жером» қожалығы 112 га жерге алма ағашын, «Витамин» қожалығы 4 га жерге қарақат, 2 га жерге таңқурай, 1 га жерге құлпынай отырғызды. Келесі жылы алма өсіретін алқап 25 гектарға ұлғаймақ. Жайылымдық жерлерді суландыру мақсатында «Жайық-Шалқар» су арнасын қалпына келтіру үшін жобалық-сметалық құжат дайындалып, мемлекеттік сараптамаға жіберілген. Бір жағынан, жөндеу жұмысы көкніс және бақша өнімдерінің артуына оң әсер етпек. Сонымен қатар, пайдаланылмай жатқан 18 жер телімі қайтарылмақ. Нәтижесінде 19 шаруа қожалығына 15,7 гектар қосымша жер беруге мүмкіндік туды.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале