8 тамыз күні Қазталов орта жалпы білім беретін мектебінде педагогикалық мамандықты алып келген түлектерді жұмысқа қабылдау жәрмеңкесі өтті.
Жас мамандарды жұмысқа қабылдау салтанатында сөз алған аудандық білім беру бөлімінің басшысы Ерболат Бекмулдин,- Биылғы жылы 130-дан астам педагогикалық мамандық бойынша білім алған түлектер қатысып отыр. Оқу орнын бітіріп келген жас мамандар бүгін жұмысқа орналаса алмаса да, алдағы уақытта өздерінің таңдаған мамандықтары бойынша еңбек ететін болады. Сондықтан үміт үзбеу керек. Баршаңызға сәттілік тілеймін,-деді.
Ауданымызға биыл 135 маман келіп отыр. Оның 10-ы грант бойынша білім алғандар.
Біз М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «физика» пәні бойынша бітірген жас маман Ұлпан Серіковаға жолығып, әңгімеге тартқан едік.
-Жоғары оқу орнын қызыл дипломмен бітірдім. Мен Ғ.Молдашев атындағы орта жалпы білім беретін мектебіне физика пәнінің мұғалімі ретінде жолдама алып отырмын. Өзіме ұзтаз болып, шәкірт тәрбиелеген ұнайды,-деді.
Биылғы бітіріп келген түлектердің арасында орыс тілі мен әдебиеті, шет тілі, тарих, физика, биология, география пәндерінің мұғалімдері жоқтың қасы. Көпшілігі бастауыш сынып, мектепке дейінгі оқыту, қазақ тілі мен әдебиеті пәндері.
Жәрмеңкенің қорытындысы бойынша 45 жас маман жұмыспен қамтылды.
Гауһар Әділжан
Қазталов ауданы