5.09.2016, 13:02
Оқылды: 79

Тәуелсіздік тойына -  дүбірлі дода

baigeКазталов ауданының Бостандық ауылдық округіне қарасты Қамыстыкөл қыстағында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған құнан, тай жарысы өтті.


Ауданның бетке ұстар атбегісі, «Екпін» шаруа қожалығының жетекшісі Нұрлан Нұғмановтың ұйымдастыруымен атбегілер басын қосу мақсатында өткізілген бәйгеге Орал қаласы, Жәнібек, Бөкейорда, Қазталов аудандарының атбегілері тұлпарларын сайлап, дүбірге қосты.

Нәтижесінде, 10 тай қатысқан жарыста Көктерек ауылдық округінің сәйгүлігі «Победа» (иесі Нұрболат Шоқпаров) мәре сызығын алғашқы болып кессе,  Бөкейорда ауданының Саралжын ауылының «Боян» атты тайы құйрық тістесе жетті. Ал Саралжын (Киров) елді мекенінің «Сұңқар» атты жүйрігі жүлдегерлер үштігін тұйықтады.

Құнан бәйгесінен І орынды Орал қаласынан келген «Бөкен қасқа» атты Берік Есенғалиевтің құнаны иеленсе, ІІ орынға Бөкейорда ауданының Саралжын (Құрманғазы) ауылының атбегісі Асқар Мұқанғалиевтің «Жирен» атты құнаны еншіледі. Ал жүлделі 3 орынды  Жәнібек ауданы, Жақсыбай ауылының атбегісі Нартай Насеновтің «Әсемай» атты құнаны тізгіндеді.

Бәйге аяқталған соң, спорттық шара Бостандық ауылдық округінің азаматтары Абзал Нұғыманов пен Абзал Хайруллиндер ұйымдастырған спорттық шаралармен жалғасты.

Шара соңында атбегілерге арнап дастархан жайылды.

Жоламан ЕСЕТОВ,

жеке кәсіпкер

Қазталов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале