31.10.2016, 18:17
Оқылды: 61

Тәуелсіздік құрметіне 25 үйеңкі

%d1%82%d3%99%d1%83%d0%b5%d0%bb%d1%81%d1%96%d0%b7%d0%b4%d1%96%d0%ba-%d2%9b%d2%b1%d1%80%d0%bc%d0%b5%d1%82%d1%96%d0%bd%d0%b5-25-%d2%af%d0%b9%d0%b5%d2%a3%d0%ba%d1%96  Облыстық прокуратура қызметкерлері Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығының алаңына сенбілікке шықты.

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған шарада 25 үйеңкі көшеті отырғызылды. Қадағалау органдарының қызметкерлері тек құқық қорғау мәселесіне назар аударып қоймай, ауаның таза болуына ерекше көңіл бөлетіндігін іспен дәлелдеді.


– Біз қолымызға күрек алып, шаһарымыздың көркі үшін үлес қосудамыз. Қаламыздың ауасын тазартып, мәдениет орталығының айналасын көріктендіруді мақсат тұттық. Игі дәстүрге айналған шара міндетті түрде жалғасын табады, - деді облыстық прокуратураның кадр жұмысы басқармасының басшысы Алмас Таспиқов.

Айым ТӨЛЕУҒАЛИ

«Орал өңірі»

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале