17.11.2016, 12:09
Оқылды: 32

Төтеншеліктердің қыс мезгіліне дайындығы тексерілді

%d0%b0%d0%ba%d0%b8%d0%bc-%d1%82%d0%b61  Облыс әкімі Алтай Көлгіновтың қатысуымен Азаматтық қорғаудың Мемлекеттік жүйесін ұйымдастыруды жетілдіруді, сондай-ақ басқару органдарын, күштер мен құралдарды қыс мезгіліндегі төтенше жағдайлар кезінде іс-қимылдарға дайындау мақсатында «Қыс-2016» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді.


   Оқу-жаттығудың бірінші кезеңінде облыс әкімі, Азаматтық қорғаныс басшысы Алтай Көлгінов шұғыл әрекет ету жасақ құрылымдарының саптық дайындығын тексерді.

  Өткізілген шара барысында өңір басшысы құрылымдардың жеке құрамының жасақталуына, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуіне, техникалардың жұмысқа жарамдығына, жеке құрамның функционалдық міндеттерін білу деңгейіне аса назар аударды.

 %d0%b0%d0%ba%d0%b8%d0%bc-%d1%82%d0%b62 Бұдан әрі штабтың басшылық құрамы №2 оқу орнына барып, азаматтық қорғау құрылымдарының практикалық іс-әрекет деңгейін тексерді. Жаттығу барысында облыс аумағында болуы ықтимал төтенше жағдайларды жою әрекеті, соның ішінде қираған ғимарат аумағын тазалау, құтқару-іздестіру жұмыстарын жүргізу, зардап шеккендерге психологиялық және алғашқы медициналық көмек көрсету, коммуналдық қызметтердің тіршілікті қамтамасыз ету жүйесіндегі апаттарды қалпына келтіру жұмыстарының барысы басшылық құрамның бақылауымен жүргізілді.

   Төтеншеліктердің дайындығын бақылау мақсатында жүргізілген оқу-жаттығу жұмыстарына облыс әкімі Алтай Көлгінов оң баға берді.

Нұрбек ОРАЗАЕВ

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале