17.10.2016, 10:32
Оқылды: 46

«Учаске» жедел алдын алу шарасы барысында 85 мың тұрғын тексерілген

uhaske  Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде бастау алған «Учаске» атты республикалық жедел алдын алу шарасы барысында Батыс Қазақстандық тәртіп сақшылары ауқымды жұмыстарды атқаруда. Бұл шара кезінде учаскелік полиция инспекторлары өз аймақтарын кешенді тексеріп, аумағына қарасты жәйлі пәтерлі үй тұрғындарын және жер үй тұрғындарын есепке алып, пәтер жалдап тұратын шет ел азаматтарын анықтады.


   Сонымен қатар, профилактикалық есепте тұрған тұлғалар мекен-жайлары бойынша тексерілді. Қару иелері, ұсақ құқық бұзуға бейім тұлғалар да тексеріліп, саяжай қоғамдары назардан тыс қалмады.

Қазіргі күні 26 мыңнан астам пәтер, 15 мың жер үй секторы, 85 мың тұрғын тексерілді. Әр түрлі есепте тұрған 2 мың тұлға тексеріліп, түсінік жұмыстары жүргізілді. Күндіз-түні тексеріс нәтижесінде көші-қон заңнамаларын бұзған 288 азаматқа қатысты қажетті құжаттар толтырылды. Белгілі тұрағы жоқ 274 тұлғаны инспекторлар облыстық қабылдап-тарату орнына орналастырды. Мектеп инспекторларының да тексерісі нәтижесіз емес. 13 жасы кәмелетке толмаған жасөспірім көшеден ұсталып, күн көріс көзін қол жайып әркімге тіленіп қайыр сұраудан тапқандары анықталды. Қылмыстық іске қатысы бар, іздестірілуде жүрген 4 тұлға ұсталды.

Тұрғындармен сөйлесіп, әңгімелесіп, ой-пікірлерін тыңдау нәтижесінде полиция қызметкерлері мен азаматтар арасында өзара түсінік қалыптасып, рейдтік шаралар жалғасын табуда. Осыған орай, кезекті рейд Орал қаласындағы «Евразия» даңғылы-№102 мекен-жайында орналасқан №7 учаскелік полиция пункітінде өтті. Бұл жолғы рейдке Орал қ.ІІБ Жергілікті полиция қызметінің бастығы полиция подполковнигі Муслим Жардемов  облыс пен қаладағы білім басқармаларының, мәдени-ағарту бірлестіктерінің төрағаларын және мүшелерін, спорт мектептерінің директорларын, аула клубтарының төрағаларын шақырды.

-Рейдке шақырылған қоғамдық ұйым мүшелері қатысады. Олар сақшылармен бірге әр көп қабатты жәйлі пәтерлі тұрғы үйлер мен жер үй секторларын аралап, тұрғындармен сөйлеседі. Егер де тек қана учаскелік полиция инспекторын тексеруге жіберсек, қайсыбір тұрғындар түсінбей ашу шақырып, неге тексереді? Нендей нәрсе бүлдірдім деген сан сұрақтар қойып, өкпелеп жатады. Осы мәселелерді шешу мақсатында биылғы шараға қоғамдық ұйымдарды тартып отырмыз. Есіктерін қаққан да ешкім де шошына қарамай, түсіністік орнайды. Жақсы нәтижеге қол жеткіземіз деп отырмыз. Биыл 200 қоғамдық көмекші жұмылдырылды. Бұған дейін қаланың орталығындағы қылмыстық ахуалға жауапты Абай полиция бөлімінің  6 учаскелік полиция пункітіне қарасты үй-жайлар тексерілді. Бүгін №7 учаскелік полиция пункітіне жиналып, әрмен қарай рейдке шығамыз,-дейді Муслим Жардемов.

Гүламан  Исмагулова

Орал қ.ІІБ баспасөз қызметкері

 www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале