Аудандық мәдениет үйінде №2036 шекара әскери бөлім қызметкерлері Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай концерттік бағдарламасын жұртшылыққа ұсынды. Әскери бөлім бастығының тәрбие жөніндегі орынбасары Дәурен Сұлтанов, - бұл мәдени шарамыз шекара бойында орналасқан аудан халқына арналады. Сіздер және біздер болып, ел тыныштығын күзетуге атсалысып келеміз, - деді.
Концерттік бағдарламада Отан, Туған жер және патриоттық әндермен қатар шекарашылар би билеп, көрермендерді ризашылыққа бөледі.
Осындай әсерлі концерт үшін Қазталов ауылдық округі атынан алғыс хат табыс етілсе, еңбек ардагері Мұханғали Бектлеуов рахметін жеткізді.