18 шілде күні Тасқала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы М.Нәріков Қазақстан Республикасы «Тіл туралы Заңынын» 21 бабының орындалуы бойынша, сондай-ақ әдістемелік көмек көрсету мақсатында аудан орталығында орналасқан бірқатар дүкендер мен кафелерді аралап, маңдайшаларындағы жазуларды тексерді.
Тексеру кезінде бірқатар нысандарда қазақ тілінің заңдылығы сақталмағандығы анықталды. Яғни заңдылық сақталмай, қателіктер жіберілген.
Осыған орай Мэлс Жасанғалиұлы әрбір дүкен мен кафелердің басшыларына міндетті түрде қазақ тілінің заңдылықтарын сақтап, мемлекеттік тілді аяқ асты етпеу керектігін түсіндіріп айтты.
Айта кетейік маңдайшалар, хабарландырулар, жарнамалар тағы да басқа көрнекті ақпарат алдымен мемлекеттік тілде, сосын орыс тілінде жазылуы тиіс.
Есенжол Елекенов
Тасқала ауданы