7.10.2016, 8:48
Оқылды: 52

«Қазпошта» тұтынушыларына дастархан жайды

%d0%ba%d0%b0%d0%b7%d0%bf%d0%be%d1%88%d1%82%d0%b0Дүниежүзілік пошта күніне орай Қазталов   аудандық «Қазпошта» торабы  өз қызметін тұтынушыларға мерекелік дастархан жайды. Жалпы,  алыс-алыс жерлерден, жылдам хабар алғызған «Қазпошта» мекемесі қазіргі күнде заман талабына сай түрлі техникалық құралдармен жабдықталып, тұтынушыларға жедел әрі сапалы қызметтер көрсетіп  келеді.

Аудандық «Қазпошта» мекемесінің басшысы Жанар Нәсекенқызы өз сөзінде: - Біздің басты мақсатымыз – газет-журналдарды оқырманға уақтылы ұсыну және тұлғалардың сәлем хаттарын сенімді әрі бүтіндей жеткізу. Бастысы – қазіргі күнде қарапайым тұтынушыларға және пошта қызметкерлеріне қолайлы болуы үшін «электрондық қызмет» әдісі қолға алынды. Яғни, әрбір тапсырыс беруші қолындағы штрих-код арқылы өзінің күткен дүниесінің қай жерде екенін, қай уақытта жеткізілетінін білуіне мүмкіндігі  бар. Біздің қызметкерлер де тұтынушыларға барынша қолдау көрсетіп, өз жұмыстарын жауапкершілікпен атқарып отырады.

Бізге келуші тұлғаларға арнайы дастархан жайып, мекеменің қызметі туралы ақпараттармен бөлісе отырып, тұтынушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйладық, -деді.

 

Жұлдыз Асқар

www.zhaikpress.kz   

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале