27.10.2016, 12:48
Оқылды: 49

Қазталовтағы жол жөндеу жұмыстары аяқтала келді

%d0%ba%d0%b0%d0%b7%d1%82%d0%b0%d0%bb%d0%be%d0%b2-%d0%b4%d0%be%d1%80%d0%be%d0%b3%d0%b0-4Қазталовтағы үш басты көшеде жүргізіліп жатқан жол жөндеу жұмыстары аяқтала келді. Мұндағы жолдарға тұңғыш рет асфальт төселмек. Дәл осындай асфальт қарашаның аяғына дейін Қазталов-Жалпақтал-Чапаев күре жолының бойындағы 18 шақырымдық бөлігіне де төселіп бітпек.


Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Нұржан Исламовтың айтуынша, Қазталовтағы үш және Жалпақталдағы бір басты көшедегі жолдардың күрделі жөндеуінің аяқталуына көп қалған жоқ. Жолдардың жалпы ұзындығы 4,3 шақырымды құрайды және олардың жанынан бір бағыттағы жаяу жүргіншілерге арналған соқпақжол салынуда.

%d0%ba%d0%b0%d0%b7%d1%82%d0%b0%d0%bb%d0%be%d0%b2-%d0%b4%d0%be%d1%80%d0%be%d0%b3%d0%b0Ұзындығы 200 км болатын республикалық маңызы бар Чапаев-Жалпақтал-Қазталов жолы аспаннан тамшы тамса, езіліп, ми батпаққа айналып, аудан тұрғындарының көлікпен жүріп-тұруын қиындатып жүрген болатын.

Биыл осы жолдың 18 шақырымына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда 16 км жол және екі суағар жөнделіп болған. Келесі жылы тағы 12 км бөлігі жөнделеді деп жоспарлануда.

Нұржан Исламов мердігер компания - «Uniserv» ЖШС жол жабынын жөндеу жұмыстарын бекітілген нормаларға сай, сапалы жүргізіп жатқандығын тілге тиек етті. Барлық жұмыстар ағымдағы жылдың қарашасында аяқталады деп күтілуде.

Бұл мақсаттарға ел қазынасынан «Жұмыспен қамту – 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 227 млн.теңге бөлінген. Сонымен қатар жергілікті бюджеттен 104 млн.теңгеге қосымша қаржыландырылды.

Құрылыс нысандарындағы жұмыстарға жергілікті халықтың арасынан 11 адам жұмысқа тартылған.

Юлия НИКИТИНА

www.zhaikpress.kz

%d0%ba%d0%b0%d0%b7%d1%82%d0%b0%d0%bb%d0%be%d0%b2-%d0%b4%d0%be%d1%80%d0%be%d0%b3%d0%b0-114825554_10207585053516838_68021397_n

%d0%ba%d0%b0%d0%b7%d1%82%d0%b0%d0%bb%d0%be%d0%b2-%d0%b4%d0%be%d1%80%d0%be%d0%b3%d0%b0-2

%d0%ba%d0%b0%d0%b7%d1%82%d0%b0%d0%bb%d0%be%d0%b2-%d0%b4%d0%be%d1%80%d0%be%d0%b3%d0%b0-3

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале