20.09.2016, 11:16
Оқылды: 65

Қаратөбеде аудандық комиссия өз жұмысын бастайды

ZH   Қаратөбе аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімде жылдағы   дәстүрге сай 2016 жылдың  күз мерзіміне әскерге шақырылушыларды медициналық тексеруден өткізу бойынша құрылған аудандық комиссия өз жұмысын ертеңнен бастайды.


    Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің №2 бөлім басшысы С.Қарақұлованың берген мәліметіне сай ертең қыркүйектің 20-сынан бастап медициналық тексеруден алғаш болып ауданның оңтүстігіндегі Саралжын, Аққозы округтерінен келген 20-ның үстінде әскерге шақырылушылар өтпек.

    Бұл айтулы комиссияның жоспарына сай қазіргі таңда аудан бойынша 241 әскерге шақырылушының денсаулығы тексерілмек. Жалпы аудан бойынша  әскерге щақыру жұмысы ағымдағы жылдың қазан айының 1-інен басталып желтоқсан айының 30-ына дейін жалғаспақ. Осыған орай жоспарға сай осы аралықта медициналық тексеруден өтушілер саны бұдан да арта түспек. Әскерге шақырылушылар қазанның 11-інен бастап облыстық комиссиядан өтуге жолдана бастайды.

 

Ерболат РАЙСОВ

Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале