7.07.2016, 15:44
Оқылды: 58

«Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг б.в» компаниясы жаңа ғимаратқа көшті

 KPO Akim   Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жылдығы және кешегі өткен Астана күні мерекесі аясында, Еуропа мен Азияны жалғап жатқан  еліміздің батыс қақпасы саналатын Орал қаласында «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг б.в» компаниясының бас кеңсесінің ашылу салтанаты өтті. Ғимаратты пайдалануға беру рәсіміне облыс әкімі Алтай Көлгінов қатысып, компания мүшелерін құттықтады.


       -Күні кеше ғана осы ғимараттың тозығы жетіп, қала көшесінің сәнін алып тұрған болатын. Мінекей, ивесторларды тартудың нәтежиесінде қаламыз тағы бір әсем ғимаратпен толықты. Бұл бас кеңсе аймақтың әлеуметтік экономикалық даму жолында жергілікті басқару органдарымен тығыз қарым-қатына орната отырып, ел игілігі үшін дұрыс әрі нәтижелі шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін болады,-деді облыс әкімі Алтай Көлгінов.

         Төрт қабаттан тұратын компанияның жаңа ғимаратының жалпы аумағы 3800 шаршы метрді құрайды. Әр бөлме заманауи құрал-жабдықтармен толықтай қамтылған.

         -Өздеріңізге белгілі осыдан аз уақыт бұрын КПО-ның бас кеңсесін Оралға көшіру туралы шешім қабылданған болатын. Ондағы мақсат - облыс әкімдігімен екі ортадағы қарым-қатынасты одан әрі нығайтып, компаниямыздың экономика әлеуметтік жағдайларына қатысты кейбір мәселелердің уақытылы шешілуінеде септігін тигізері сөзсіз. Бұл жерде кен орындарына тікелей қатысы жоқ жұмысшыларымыздың сапалы қызмет атқаруға барлық жағдай жасалған. Ал, кен орындарында жұмыс жасайтын қызметкерлер Ақсай қаласында қалып, жұмыстарын жалғастыра береді,-деді КПО компаниясының бас директоры Ренато Мароли.

         Салтанатты шараға қатысушылар лента қию рәсімінен соң жөндеуден өткен ғимаратты ішін аралап көрді.

www.zhaikpress.kz

Нұрбек ОРАЗАЕВ

«Орал өңірі»  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале