13.10.2016, 15:05
Оқылды: 19

Қариясы бар елдің қазынасы бар

%d0%b6%d0%b0%d0%bb%d0%bf%d0%b0%d0%ba%d1%82%d0%b0%d0%bb-%d0%ba%d0%b0%d1%80%d0%b8%d1%8f1Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Ақмурзин, «Ауданның ақсақалдар алқасы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Нағым Ризуанов ауылымыздағы Ұлы Отан соғысының ардагері Жұбат Сәрсембиевтің, еңбек ардагерлері Шәріп Хайруллиннің, Ахмет Жүсіповтың шаңырақтарында болып, тұрмыс тіршілігімен танысып қайтты.


Қашанда ардагерін ардақтап, қариясын құрметтеген халықпыз. Ел Президенті де әрқашан еңбектеген баладан, еңкейген қартына дейін ұлықтауды ұлы дәстүрге айналдырып, ұрпаққа үлгі етіп келеді. Қарттарын ардақтай білген елдің рухы үстем, шаңырағы биік.

- Қазыналы қарттарымызға әрдайым қамқорлық жасау – біздің басты парызымыз. Біз тек қайырымдылық айлығында ғана емес, әрдайым қарияларымыздың әл-ауқаты мен тұрмыс-тіршілігіне назар аударып отыруға тиістіміз,- деді округ әкімі Самиғолла Сафиоллаұлы.

Ардагерлерге жылы лебізін білдірген Нағым Ризуанұлы ісi ізеттілік пен үлгiлі өнегеге толы қадiрмендi қариялардың елге сiңiрген ерен еңбектерi ұрпақ санасында мәңгіге сақталатынын айтты.

Тұрарбек Қайырғалиұлы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале