4.11.2016, 19:02
Оқылды: 43

Қос мерейтой салтанаты

 %d0%b0%d0%ba%d0%b8%d0%bc-%d0%bc%d0%b0%d1%80%d0%b0%d0%bf%d0%b0%d1%82%d1%82%d0%b0%d1%83  Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның залында Орал электр желілері басқармасы Батыс Қазақстан энерго аудандық басқармасының «отау құрғанына» 50 жыл, «Батыс Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы» АҚ-ның құрылғанына 20 жыл толуына арналған салтанатты шара өтті. Оған облыс әкімі Алтай Көлгінов қатысты.


  -«Елу жылда ел жаңа» демекші, осы жарты ғасырлық уақытта энергетиктердің елге қандай қызмет атқарғаны бейнефильмнен көрсетілді. Осы мерейтой ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесімен тұспа-тұс келіп отыр. Сіздердің жұмыстарыңыз - еңбекті талап ететін, біліктілікті қажет ететін мамандық. Әрбір үйдің шамшырағын өшірмеу үшін сіздер күндіз-түні еңбек етесіздер. Ауа-райы әрқашан сынап отырады, 2-3 күн бұрын бірінші сынақтан өттіңіздер, қар жауып, бірқатар үйлер жарықсыз қалды, бірақ сіздердің еңбектеріңіздің арқасында соның барлығы қалпына келтірілді. Бүгінгі мереке - баршамызға ортақ мереке. Тәуелсіздік жылдары өңірде көптеген іс жасалды. Соның ішінде энергетикадан тәуелсіздікке қол жеткіздік. Алты жыл бұрын 54 МВт-тық газтурбиналы электр станса іске қосылса, өткен жылы жұмысын бастаған қуаты 100 МВт-тық электр стансасы бүгінгі таңда 33 МВт электр қуатын өндіріп, өңірімізді және көрші өңірлерді электр  қуатымен қамтуда. Бұл да - үлкен жетістік. Өңірімізде трансформатор шығаратын зауыт іске қосылып, өнімдері экспортқа шығарылуда. Осының барлығы Елбасымыздың индустриаландыру бағдарламасының аясында жасалған нәтижелі жұмыстар, -деген облыс басшысы Алтай Көлгінов өңірдегі энергетика саласы қызметкерлерін қос мерейтоймен құттықтап, мерекелік жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар өңір басшысы бір топ сала қызметкеірне алғыс хаттар тапсырды.

«БҚЭЖТК» АҚ-ның Директорлар кеңесінің төрағасы Яхия Чудров залдағы әріптестерін мерейтоймен құттықтады. Сонымен қатар Яхия Киндашұлы облыс әкімі, «Батыс Қазақстан ЭЖТК» АҚ-ның басқарушысы Алтай Көлгіновке «Батыс Қазақстан ЭЖТК» АҚ-ның құрметті энергетигі» төсбелгісі мен куәлігін салтанатты түрде табыс етті. Осындай төсбелгі БҚО Қазақстан халқы ассамблеясы ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары, «БҚЭЖТК» АҚ-ның директорлар кеңесінің мүшесі Бәтес Исмағүловаға, аталмыш компанияның ардагерлер кеңесінің төрағасы Виктор Графкинге, атылмыш компанияның қалалық фииалының директоры Сергей Доляға табысталды. Сондай-ақ бір топ энергетиктерге «Құрметті энергетик. Қазақстан электр энергетикалық Ассоциациясы» атағы берілгені жөнінде куәліктер берілді.

Мерейтой иелерін Орал қаласының әкімі Нариман Төреғалиев құттықтап, бір топ қызметкерге  қала әкімінің алғысхаттарын тапсырды. Жиынға аранйы келген энергетиктердің салалық кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары Нұркен Рүстем сала қызметкерлерін мерекемен құттықтап, бір топ энергетиктерге Қазақстан энергетиктері салалық кәсіподағының «Алғыс белгісі» төсбелгілерін және Құрмет грамоталарын салтанатты түрде табыстады.

Салтанатты шара соңы облыстық филармония ұжымы дайындаған меркелік концертке ұласты.

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА

«Орал өңірі»

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале