3.11.2016, 17:59
Оқылды: 84

Қоғамдық кеңестің есебі тыңдалды

????????????????????????????????????

    Орталық коммуникациялар қызметінің облыстық филиалы алаңында өткен баспасөз мәслихатында облыстық қоғамдық кеңестің ағымдығы жылдың тоғыз айы ішінде атқарған қызметі жөнінде есебі тыңдалды.

      Брифингке қатысқан БҚО аумақтық кәсіподақтар орталығының төрағасы Ербол Салықов облыстық қоғамдық кеңестің жыл басынан бергі атқарған жұмысына тоқталып өтті.


             Оның айтуынша, облыстық мәслихаттың шешімімен құрылған қоғамдық кеңестің құрамында 41 мүше бар. Олардың 13-і (32 пайызы) мемлекеттік органдар өкілдері болса, 28-і (68%-ы) – коммерциялық емес ұйым өкілдері. Орал қаласының және 12 ауданның қоғамдық кеңес төрағалары облыстық кеңестің құрамына енгізілген. Гендерлік құрамына келер болсақ, әйел адам саны – 9 (22%), ер адам саны – 32 (78%). Кеңес мүшелері құрамында 30-59 жас аралығындағылар саны – 22 (54%), 60-тан жоғарылар саны  19-ды (46%) құрайды.

Қазақстан халқы ассамблеясының алты мүшесі облыстық қоғамдық кеңестің құрамында, олардың төртеуі – облыстық этномәдени бірлестіктердің басшылары. Қоғамдық кеңес жанынан маңызды әр саланы қамтитын алты комиссия құрылған.  Күні бүгінге дейін 11 қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырыстары, 15 қоғамдық кеңестің төралқа отырыстары өткізілген. Онда 132 мәселе қаралып, 184 ұсынбалар қабылданған. Соның ішінде атқарушы органдардың 118 нормативтік-құқықтық актілерінің жобалары талқыланып, үшеуі қайта ұсыну үшін кері қайтарылған.

     Қазақстан Республикасының Жер реформасына қатысты қоғамдық кеңестің кеңейтілген бес отырысы өткізілген. Оған 300 адам қатысып, Жер реформасы бойынша республикалық комиссияға 72 ұсыныстар жіберілген.

    -Сонымен қатар жоспарға сай, облыстық қоғамдық кеңестің отырыстарында  Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің 2016 жылдың I  жартыжылдығында орындалуы туралы облыс әкімі Алтай Көлгіновтің есебі тыңдалды. 2011-2015 жылдарға арналған өңірдің аймақтық даму бағдарламасының орындалуы туралы облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының есебі, Батыс Қазақстан облысындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын мемлекеттік бақылау барысы туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің БҚО бойынша департаменті басшысының есебі де қоғамдық кеңестің назарына ұсынылды. Біздің жоспарымызға сәйкес ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесіне арналған БҚО қоғамдық кеңестің азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен дөңгелек  үстел өткізілді. ҚР «Жайылымдар туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жайылымдарды пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарының жобалары талқыланды. Осы заң жобасын барлық аудандық қоғамдық кеңестерде қарау және ұсыныстарды жинақтау тапсырылды. Облыстық қоғамдық кеңестің төралқа мүшелерінің облыс тұрғындарын қабылдау мақсатында қоғамдық қабылдау кестесі жасақталды және ол облыстық баспасөз құралдарында жарияланды. Сондай-ақ облыс тұрғындарының пікірлерін анықтау мақсатында халықтардың көп баратын  орны Азаматтарға арналған Үкімет корпорациясы КЕ АҚ БҚО бойынша филиалы халыққа қызмет көрсету орталығы ғимараттарында  қоғамдық пікір жәшіктері орнатылды, - деді Ербол Салықов.

Сонымен қатар баспасөз мәслихатының спикері халықтың қоғамдық кеңес арқылы еліміздегі саясатқа, қоғамға өз ой-пікірін жеткізуге болатындығын, бірақ бұл мақсатта тұрғындар тарапынан әлі де болса белсенділіктің болмай тұрғандығын тілге тиек етті. Баспасөз мәслихаты соңында Ербол Ғұмарұлы журналистердің бірқатар сауалдарына жауаптар қайтарды.

Нұрбек ОРАЗАЕВ

«Орал өңірі»

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале